378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ішкі істер министрі өзекті сұрақтар бойынша тұрғындармен кездесті

  • 123
  • UPD: 15:40, 13.03.2019

Алаяқтық деректері, жол-көлік оқиғалары мен қылмыстық істің дұрыс тергелмеуі. Бүгін Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғынбаевпен жеке кездескен ел тұрғындарын мазалайтын мәселелер осы.

Алғашқы рет өткен кездесуге еліміздің барлық өңірінен 40-қа жуық адам жазылған. Өзге аймақтардың тұрғындары бейнебайланыс арқылы хабарласып, жеке басына қатысты орқиғаның мән-жайын баяндап, министрден көмек сұрады. Олардың қатарында елорда тұрғыны Ханзада Балтаева да бар. Ашынған ана компьютерлік ойындардың кесірінен баласымен байланыс үзілгенін айтады. «Осы ретте тәртіп сақшылары қоғамды жайлаған түйткілді мәселеге ерекше назар аударып, талай аналардың көз жасының тиылуына мүмкіндік берсе екен», – дейді Ханзада Балтаева.

Ханзада Балтаева, қала тұрғыны:

– Ұлымның үйден кеткеніне 8 ай болды. Көптеген адамнан ірі мөлшерде қарыз алып, ұтылып қалған. Өз өтінішімде бұл оқиғаның барлық жайттарын толыққанды баяндап жаздым. Бүгінде шынымды айтсам қызымның еңбекақысына ғана өмір сүріп отырмыз. Тіпті құжат бойынша үй иесі ұлымыз болғандықтан, қазір баспанасыз қалдық.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

– Қазір жас балалар өзінің уақытын ата-анасының ұрысқанына, полицияның рейдтеріне қарастастан, компьютер орталықтарында өткізеді. Қадағалау – полицияның міндеті, бұдан бөлек ата-ананың да парызы. Осы ретте қоғам полиция қызметкерлерімен қатар бір толқында жұмыс істейтін болса, ертеңгі күні біз балаларды сауатты өсірер едік.

Хабар 24 телеарнасы