389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда

  • 433
  • UPD: 17:29, 14.03.2019

Жыл басынан бері Астанадан 2 млн шаршы метрден астам қар шығарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала бойынша Төтенше жағдайлар департаменті көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе тұрғын үй секторы мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың аумағына ерекше ден қойылған. Биыл ағын су өтетін Сарыбұлақ өзенінің теміржол аумағындағы арнасын кеңейту басталды. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл жұмыстар өзен арнасы маңындағы 130-дан астам тұрғын үй мен 400-дей адамның қар суынан зардап шекпеу үшін жасалып жатыр дейді. Өзеннің ұзындығы – 5 жарым шақырым. Сондай-ақ қала бойынша жүргізілген 48 км арықтың 22 км құбыры тазаланған.

Марғұлан Аманбаев, Астана қаласы ТЖД басшысының міндетін атқарушы:

– Анализге қарай отырып, 34 участокты белгілеп отырмыз. Ол жерде тұрғын үй алқаптары, өндіріс, теміржол аумағы, Үркер аймақтары бар. Бүгінгі таңда Астана қаласына Астана су қоймасынан су келеді. Ол жерде 245 млн шаршы метр су бар. Негізгі оның максималдық көлемі – 410 млн шаршы метр.

Хабар 24 телеарнасы