378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте жеміс ағаштары гүлдеп тұр

  • 180
  • UPD: 16:30, 13.03.2019
Шымкентте жеміс ағаштары гүлдеп тұр

Шымкентте биыл күн күрт ысып, ағаштар ерте гүлдеді. Қалада әсіресе жеміс ағаштарының ішінде көктемді бірінші болып сезетін өріктер гүл ашты.

Қазір қалада ауа температурасы +19... +24 градусқа дейін жетіп отыр. Ал түнде термометр көрсеткіштері шамамен +4...+9, кей жерлерде +1 градусты көрсетіп тұр. Синоптиктердің болжауынша, осындай жылы ауа райы наурыздың 19-на дейін сақталады.

«19 немесе 20 наурыздан бастап жаңбыр күтілуде. Ауа температурасы жаңбырдың әсерінен төмендеуі мүмкін. Ол кезде бір қатты төмендейді деп айта алмаймыз. Онда да плюстік температура сақталады»,- дейді метеоролог Динара Айтмырзаева.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы