378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұздың құлауынан қалай сақтануға болады - ҚР ДСМ

  • 201
  • UPD: 17:33, 13.03.2019
Мұздың құлауынан қалай сақтануға болады - ҚР ДСМ

Көшеде құлаққаппен жүрмеңіз, өйткені шатырдан құлаған қардың дыбысын ести алмайсыз.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы көктемдегі жарақаттарды болдырмау жөнінде кеңестер берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күн жылына бастағанда ғимараттардың төбесінен қар еріп, сүңгі мұздар құлап түседі. Осыған байланысты сізге төнуі мүмкін мынадай қауіптер есіңізде болсын.

Төбеден құлаған мұзден келетін қауіптен сақтану үшін бірқатар кеңестерге құлақ түрген абзал:

- Ғимараттардың қабырғаларына мүмкіндігінше жақындамаңыз.

- Шатырдағы сүңгі мұзды көрсеңіз, басқа жаққа қарай өтіңіз (үйді немесе ғимаратты басқарушыға ескертіңіз).

- Сүңгі мұз түсіп тұрған балконның астында тұрмаңыз.

- Қауіпті карниздердің астымен жүрмеңіз.

- Көшеде құлаққаппен жүрмеңіз, өйткені шатырдан құлаған қардың дыбысын ести алмайсыз.

- Егер жоғары жақтан шу естісеңіз, жүрісіңізді тездетіңіз.

- Қардың еріп түсуі мүмкін электр беру желілерінен және басқа да объектілерден алыс жүріңіз.

- Шатырдан салбырап тұрған электр сымының қардан үзілгенін байқасаңыз, оны ешқандай жағдайда ұстамай, қауіпсіз жерге барыңыз.

- Автомобиліңізді шатырларында сүңгі мұз немесе қар тұрып қалған ғимараттарға жақын қоймаңыз.

- Ойынға әуестеніп, айналасына ешқандай назар аудара алмайтын ойын кезінде балаларды қараусыз тастамаңыз.

Дегенмен үзіліп құлаған сүңгі мұздың құрбаны болған жағдайда не істеу керек?

Егер шатырдан сүңгі мұздың немесе қардың құлауынан адам зардап шеккен болса, онда ең алдымен, жедел жәрдемді және полицияны шақырыңыз.

Травматология кабинетінде анықтама, қажет болған жағдайда ауруханаға жолдама алыңыз.

Емделу кезіндегі барлық құжаттар мен чектерді сақтаңыз: олар қолыңызда болса, өзіңізге сүңгі мұз құлаған үйге қызмет ететін басқарушы ұйымды сотқа бере аласыз.

Хабар 24 телеарнасы