378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жайықтан желтоқсаннан бері 111 тонна өлі балық жиналған

  • 140
  • UPD: 19:39, 13.03.2019
Жайықтан желтоқсаннан бері 111 тонна өлі балық жиналған

Жайық өзенінен өткен жылдың желтоқсан айынан бері 111 тонна өлі балық жиналған. Оның 103 тоннасы  бекіре өсірумен айналысатын екі шаруашылыққа тиесілі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің Атырау облысында өткен көшпелі баспасөз мәслихатында айтылды. Балықтың қырылуына қатысты аймақта салааралық комиссия құрылды. Екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Балық өзендегі зиянды химиялық қосындылардан улануы мүмкін. Осы оқиғаға қатысты 4 бірдей кәсіпорын тексерілді. Оның біріне ағынды судағы ластаушы заттардың артық болуына байланысты айыппұл салынған. Қазір су сапасы қатаң қадағалауда. Полиция қызметкерлері мен ветеринарлар балық сататын орындарды да назарда жіті ұстап отыр. Тексеру қортындысы сәуір айының соңында белгілі болады.

Әлібек Нәутиев, облыс әкімінің орынбасары:

- Жалпы балық өлген жерден бастап, Жайықтың көлемі 45-50 шақырым көлемінде болады. Бірен саран болмаса балықтар қалғандары мұздың астында су қайтқанда қалып қойған балықтар. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы айтып өткендей жаңа деректер анықталған.

Хабар 24 телеарнасы