389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорданың кейбір мектебінде директор кабинеттен демалыс бөлмесін жасақтап қойған

  • 1001
  • UPD: 20:35, 13.03.2019

Қызылорда облысындағы 52 мектеп директорының кабинеттері рұқсат етілген көлемнен артық. Тіпті кейбірі демалыс бөлмесін жасақтап алған.

«Адалдық алаңы» жобасы аясында өңірдегі 335 білім беру ұйымына тексеру жүргізіліп, осындай кемшіліктер түзелген. Мәселен облыс орталығындағы №136 мектеп-лицейінің директоры кең кабинетін робот құрастырушы оқушыларға босатып берді. Үйірмедегі 5 құрастыру кешені арқылы қазір 250 оқушы түрлі жобалармен шұғылданып жүр. Ал №233 орта білім беру ұйымы басшысының жоғарғы қабаттағы жайлы бөлмесіне бастауыш сынып оқушылары жайғасқан. Өзі мектепке кіреберістегі киім ілетін орынды жаңғыртып, жарақтандырып, сонда орналасты. Жалпы өңірдегі мектеп директорлары жазғы демалыста кабинеттерін түгел төменгі қабатқа түсіретін болады.           

Қалдыгүл Жұмабекова, №136 мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы:

- Енді әлде де алдағы уақытта бұл кабинетті үлкейту жоспарда бар. Келесі оқу жылында кабинетті үлкейтіп, ары қарай жұмыс жүргізе береміз. Оқушылар саны әрі қарай 400-500 жеткізу жоспарда бар.

Берікбол Байхожаев, МҚІСЖҚА департаменті басшысының орынбасары:

- Мектепке келген ата-ана басшы кабинетін іздеп жүрмейді, бірден 1-қабатта кездесіп, өзінің ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алады. 2-3 қабатта орналасқандардың 30 шақтысы қазір 1-қабатқа орналасып, артық алаңдары жойылды. Оларда қосымша білім беру үйірмелеріне оның ішінде музыканы, ІТ технология және ҰБТ-ға дайындау курстары, үйірмелерге босатып беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы