378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жайықтағы балықтың қырылуын тергеуді Бас прокурордың бақылауын сұраймыз – А.Платонов

  • 200
  • UPD: 21:39, 13.03.2019
Жайықтағы балықтың қырылуын тергеуді Бас прокурордың бақылауын сұраймыз – А.Платонов

Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуына депутаттар да алаңдаулы. Жауапты тұлғаларға сауал жолдаған Артур Платонов өлі балық қалқып жүрген суды жергілікті тұрғындардың пайдаланып отырғанын айтады.

«Оның үстіне тегін дүние арам пейілді сатушылардың қолына түссе, халықтың уланбайтынына кім кепіл» дейді депутат.

Артур Платонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Құзырлы органдар әлі күнге дейін ресми қорытынды ұсынған жоқ, тергеудің неге сонша ұзаққа созылғаны да белгісіз. Егер ресми ақпарат болса, ел ішінде түрлі қауесет тарамас еді. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Жайықтағы балықтың қырылуына нақты не себеп болғанын анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын Бас прокурордың жеке бақылауға алуын сұраймыз. Өйткені осы оқиғаның салдарынан балық популяциясына орны толмас залал мен материалдық шығын келді.

Хабар 24 телеарнасы