378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Үкіметінің мүшелері Атырау облысында жұртшылықпен кездесті

  • 165
  • UPD: 21:45, 13.03.2019

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған үкімет мүшелері Атырау облысында жұртшылықпен кездесті.

Елбасы тапсырған «Әлеуметтік Қамқорлық» шараларын іске асыру мәселелерін талқылау мақсатында  мұнайлы өлкеге келген комисся құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,  Білім және ғылым министрі, Денсаулық сақтау министрі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы мен Орман және жануарлар әлемі комитетінің төрағалары бар. Облыс тұрғындарымен болған кездесуде табысы төмен отбасыларға көмек көрсету, аз қамтылған азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру мен денсаулықты нығайту, жан-жақты көмек көрсетуді қамтитын Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың негізгі бағыттары түсіндірілді.
Осы мақсатта бүгін үкімет мүшелері Мақат, Жылыой, Махамбет және Исатай аудандарына арнайы барып, халықпен кездесулер өткізді. Ірі өндірістік нысандарға да арнайы барып, жұмысшылардың жағдайымен танысты. 

Гүлшара Әбдіқалықова,  ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Енді басты екі мәселе ғой әлеуметтік жәрдемақы беру олардың біраз барлық аралаған үйлеріміз әлеуметтік көмекке заң бойынша тиесілі болып тұр. Осы жаңа сәуір айынан бастап жәрдемақының тағайындау методикасының өзгеруіне байланысты осы отбасылар жәрдемақы алатын болады. Алғанда көбісінің орташа мөлшерде өсетін болады. Ал екінші мәселе баспана. Бірнеше отбасында баспана бар бұл жерде сұрақ жоқ, бірақ үйде отырған келіншектердің жұмыс мәселесін қазір тапсырдық. Іскер әйелдер бар, әйелдер кеңесі бар, сондағы іскер әйелдер көмектесіп бір іс бастауда. Ал жергілікті атқарушы орган оларды курстардан өткізетін болды.

Хабар 24 телеарнасы