375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жайық өзеніндегі жағдайды мұқият зерттеу үшін Атырауға комиссия барды

  • 167
  • UPD: 21:50, 13.03.2019

Жайық өзеніндегі жағдайды жіті зерттеу үшін Атырауға салааралық комиссия барды. Құрамында Денсаулық сақтау, Энергетика, Ішкі істер және Ауыл шаруашығы министрліктері мен Экологиялық реттеу және қадағалау комитетінің басшылары бар.

Олар бүгін суға сүңгіру түсіріп өзен табанынан сынама алды. Комиссия мүшелерінің айтуынша, қазір төрт түрлі сараптама жүргізіліп жатыр. Бірақ тексеру аяқталмағандықтан оның қортындысын айтуға әлі ерте.

Қарт Жайыққа келген зардап орасан. Өткен желтоқсан айында мұз бетінен 111 тонна балық жиналды. Өкінішке орай, оның 100 тоннадан астамы бағалы бекіре тұқымдастар. Осыған орай сала аралық комиссия құрылды. Олар осы уақытқа дейін оқиға болған орындардан 80-ге жуық су сынамасын алды. Балық инспекциясы балықтың жүру бағытына бақылау жүргізді. Бірақ нәтиже көңіл көншітпейді.

Өтеген Бисәлиев, балықшы:

- Әзірге азаңдау енді. Күн салқын мұз жаңа кетіп жатыр ғой! Өлі балықтар да кездеседі бірақ аздау. Енді мұз жаңа кетіп жатыр мұз астына қысылып қалған болар.

Қазір мұз көбесі сөгіліп, қызылсу көтерілгелі Атырау обылстық балық шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Жайық өзенінде жаппай балық өлекселерін жинау шарасы басталды. Еріктлер өткен сенбі-жексенбі күндері 1,3 тонна өлі балық жинады. Бүгінгі беделді комиссияның жұмысына қатысқан табиғат жанашырлары. қырылған балықтың қарасы әлдеқайда көп дегенді айтады.

Арман Хайруллин, «Атамекен-Эко» қоғамдық қорының төрағасы:

- Бүгін Астанадан саларалық комиссияның құрылып, келгені өте жақсы. Олар өз көздерімен жағалауда қарап  жайрап жатқан балықты көрді. Оның өзі менің ойымша жүздеген тонна саналады. Ендігі үміт осы көктемде келетін теңізден келетін популияцияда. Менің ойымша 3-5 жылдай балық аулуауға шектеу қою керек. 

Алайда саларалық комиссияның пікірі сәл өзгеше шықты. Олар бүгін Жайық өзеніндегі тартымды аралады. Суға сүңгіру түсіріп өзен табанынан сынама алып, өз тұжырымдарын білдірді.

Зұлфұхар Жолдасов, ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

- Басты міндет апатты жағдайдың салдарын жою. Яғни тұрғын халықтың саулығын сақтау. Мамандар 80-нен астам сынамалар алды. Төрт түрлі сараптама жүргізіліп жатыр. Бірақ әзір тексеру аяқталмағандықтан оның қортындысын айтуға әлі ерте.

Нариман Жүнісов, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануалар дүниесі комитетінің өкілі:

- Өзенде шығын болғаны 8,6 тонна балық. Ол Жайық өзеніндегі жалпы балық қорының  шамамен 0,4 процентін құрайды. Бірақ балық өлекселерін жою жұмыстары жалғасып жатыр. Сондықтан табиғатқа келтірілген залал туралы айтуға ерте.  Ал ең көп зардап шеккен жеке шаруашылықтың бекіре тұқымдас балықтары туралы әңгіме басқа.

Қазір Атырауда қыс бойы өлген балық өлекселерінен тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Наурыздың 10-11 күндері өткізілген сенбілікте еріктілер 1,3 тонна балық өлексесін жинады. Оған облыстағы табиғат пайлаланушылар мен құзырлы орган қызметкерлері мен техникалры жұмылдырылған.  Жайық өзені 270 мыңнан астам тұрғыны бар Атырау облысының негізгі тірлік нәрі. Өзен бойында  орналасқан 3 аудан мен Атырау қаласының егін мен мал шаурашылығы Жайыққа тікелей тәуелді.  Онан өзге облыста балық аулаумен айналысатын 19 өндірістік кооператив бар. Олар байырғы кәсіптеріне кіріспек. Егер Жайық өзенінде орын алған апатты жағдайдың сыры ашылмаса, мыңдаған балықшылар отбасының күнкөрісі қиындайды.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы