389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Біртанов БҚО-да медицина қызметкерлерімен кездесті

  • 552
  • UPD: 23:42, 13.03.2019

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов батысқазақстандық медицина қызметкерлерімен кездесті. Ол сапар барысында моноқала Ақсай мен Теректі аудандық ауруханаларын аралап көрді.

Кездесуде министр мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамыту үшін қосымша 120 миллиард теңге бөлу туралы тапсырма бергенін атап өтті. Осы арқылы алғашқы медициналық көмекке жұмсалатын шығын көлемі 60 процентке дейін азайады. Қазіргі кезде дәл осы салада мамандар жетіспейді. Мысалы, Ақсайдағы аудандық аурухана үшін бұл өте өзекті мәселе. Мұнда жалпы тәжірибелік дәрігер, кардиолог, невропатолог, акушер гинеколог секілді 13 дәрігер жетіспейді. Ал, бұл аурухана Бөрлі ауданының 56 мыңдай тұрғынына қызмет көрсетеді.  

Нұрсұлтан Батырханов,  Бөрлі аудандық ауруханасының  дәрігері:

-  Шілде айынан бастап жалақымызды қайтадан көтергелі жатыр, ол үлкен көмек деп есептеймін мемлекет тарапынан. Негізгі бітірген мамандығым жалпы тәжірибе дәрігері мамандығы. Бізге осы 2018 жылдың қаңтар айынан бастап анестезиолог-реаниматолог мамандығына оқытып алды. Ол бізге осы келіп жатқан мамандардың жедел жетіспеушілігі салдарынан жоғарыдағы басшыларымыз оқытып алды осы мамандыққа.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Біріншіден, әлеуметтік қолдау болу керек, осылай жас дәрігерлерді шақырып осылай жұмысқа тұрғызу керек. Екіншіден, біз осы соңғы жылда алғашқы медициналық көмекке өзгерістер енгізіп жатырмыз. Ол біріншіден әр дәрігердің басындағы жүгін түсіру қажет. Мысалы, өздеріңіз көріп отырсыздар, норматив бойынша 1700 адам орнына 3 жарым мың адамды қарап отыр. Екі есе нагрузка дейміз. Сонда сапасы да нәтижелері де көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы