378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдағы металлопластикалық зауытта 200-ден астам тауар түрі шығарылады

  • 133
  • UPD: 15:14, 14.03.2019

Петропавл қаласындағы металлопластикалық зауытқа тұрмыстық бұйым шығаратын 5 жаңа қондырғы қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қазір онда орнату жұмыстары жүріп жатыр. Кәсіпкер қаржының бір бөлігін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша алып, тауар түрлерін ұлғайтты.

Юлия Колмакова зауытта 7 жыл жұмыс істейді. Қазір ол бір ауысымда 1 мыңнан астам шелек пен тостаған жасап шығарады. «Бұл әр үйге керек заттар», – дейді келіншек.

Юлия Колмакова, зауыт жұмысшысы:

- Бұл ыдыспен үйде бәрін істеуге болады. Біз оның 5 түрін шығарамыз. Өзім осымен қамыр илеймін, салат әзірлеймін. Өте ыңғайлы.

Кәсіпорында 200-ден астам тауар түрі шығарылады. Өнім бізден бөлек Ресей, Қытай, Өзбекстан елдерінде сатылады. Бүгінде еңбек ұжымы қарапайым заттар экономикасын қалыптастырып отыр.

Евгений Ли, зауыт директоры:

- Қарапайым заттар экономикасында отандық тауардың үлесі аз. Нарықта Қытай мен Ресейдің өнімі көп. Біз оларға бәсеке тудырдық. Сұраныс өте жоғары. Сату жағынан мәселе туындаймайды.

Былтыр кәсіпорында 800 млн теңгеге жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Биыл Қытайдан тағы 5 қондырғы сатып алынды. Қазір олар орнатылу үстінде. Бұл тауар түрін тағы да түрлендіре түседі.

Зауытта 250 адам жұмыс істейді. Олар жасайтын күнделікті тұтынатын тауарлар Қазақстанның әр қаласында сатылады. Сондықтан мына бір шелек ертең сіздің де үйіңізде болуы мүмкін.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы