378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында ойын-сауық саябағы ашылады

  • 144
  • UPD: 15:14, 14.03.2019
Түркістан облысында ойын-сауық саябағы ашылады

Түркістан облысындағы ең үлкен ойын-сауық, аттракциондар саябағы Сарыағаш қаласынан ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір саябақ аумағында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті кәсіпкер қараусыз қалған алаңды 10 жылға жалға алған. Сөйтіп өз қаржысына балалар мен жастардың уақытын тиімді өткізуге арналған саябақ ашуды қолға алыпты. 115 млн теңге қаржы салып, түрлі ойын алаңдары мен  әткеншектер орналастырылған. Биіктігі 33 метр болатын ең биік аттракцион да осында қойылған. Гүлдер мен ағаштар егіп, табанына өрнекті тас төсеген. Мұнда тек балалар ғана емес, үлкендердің де таза ауа мен тынығып, тамаша табиғат аясында серуендеуіне болады. «Бой жазып, көңіл көтеремін» деген адамға мұнда барлық жағдай жасалады», – дейді кәсіпкер. Жалпы мұндағы жұмыстар өткен жылы басталған. Қазір 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, жаз айында олардың санын 50-ге жеткізу жоспарланып отыр.

Исабек Түктібаев, кәсіпкер:

- Балалардың, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, қызықты өткізуге осындай атсалысып жатқан жайымыз бар. Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Соның қазір 70 пайызын аяқтап қалдық. Алла қаласа, 22 наурызда ашылуы болады. Үлкен концерттік іс-шарамен өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы