389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 15 мың жұмыссыз жас еңбекке тартылады

  • 1096
  • UPD: 15:17, 14.03.2019
Қарағанды облысында 15 мың жұмыссыз жас еңбекке тартылады Qamshy.kz

Жұмыссыз жүрген жастардың саны жағынан еліміз бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дипломы бар, бірақ екі қолға күрек таппай жүрген 6 мың жас болса, 9 мың қыз-жігіттің не жұмысы, не алған білім жоқ. Олар кімдер, неліктен еңбек еткісі келмейді? Осыны анықтап, мемлекеттен жасалып жатқан көмекті түсіндіру үшін бүгін ақпараттық керуен жолға шықты. «Жастар үшін» деп аталатын жастар қозғалысы ауыл-ауылды аралап, құрамындағы әр саланың мамандары жан-жақты кеңес бермек. Қалай тегін білім алуға және жұмысқа тұруға болады. Кәсіп ашу үшін қандай құжаттар керектігі жастарға кеңінен түсіндіріледі. Айталық, биыл Қарағанды облысына 700 грант бөлініп отыр. 500 мың теңге көмек қаржы өз ісін бастағысы келетін жас бизнесмендерге беріледі.

Мирас Құттыбай, Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Қарағанды облысындағы жұмыс істегісі келмейтін, оқығысы келмейтін жастар саны республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Бұл кімдер? Осыны анықтап, нақты жұмыс істеу үшін оларға мемлекетте жасалып жатқан бағдарламаларды түсіндіріп, мотивациялық лекциялар оқып, оларға қайда жұмысқа орналасуға болады, қандай бизнес ашуға болады, осының барлығын түсіндіретін Жастар жылында өткізіліп жатқан іс-шаралардың басытысы осы болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы