375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазгидромет су тасқынына қатысты болжамды жариялады

  • 181
  • UPD: 16:37, 14.03.2019
Қазгидромет су тасқынына қатысты болжамды жариялады inform.kz

«Қазгидромет» РМК су тасқынына қатысты болжамын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Мекеме басшысы Марат Кынатовтың айтуынша, бүгінде бірқатар облыстарда су көлемі артығымен жиналып қалды. Атап айтқанда, Қарағанды облысында Нұра мен Кеңгір өзендерінде, Ақмола облысында Есіл мен Шағалыда, Солтүстік Қазақсанда Есіл өзенінде, Қостанай облысында Тоғызақ пен Торғайда, Ақтөбе облысында Қосістекте, сондай-ақ, Батыс Қазақстанда Утва, Чижа-2, Дерқұл мен Шаған өзендерінде судың нормасы 120-170% артық болып тұр.

«Әсіресе, Батыс Қазақстан ерекше бақылауға алынды. Ол жақта судың жиналу көлемі нормадан екі есеге артық, ал өткен екі жылмен салыстырғанда екі-үш есеге көп болып тұр», - деді М.Кынатов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, қазірдің өзінде Қарағанды облысында Самарқанд пен Кеңгір су қоймалары 73-82%, Солтүстік Қазақстанның Сергеев қоймасы 94%, ал Шығыс Қазақстандағы Шүлбі қоймасы 89% толып тұр.

«Сол себепті аталған су қоймаларына құйылатын өзендерде су тасуы қаупі бар», - деп атап көрсетті М.Кынатов.

Хабар 24 телеарнасы