389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенатта балалардың құқықтарын қорғауға қатысты заң қабылданды

  • 488
  • UPD: 17:53, 14.03.2019

Балаларға қастандық жасағандарға жаза күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәлірек айтқанда, кәмелетке толмағандарды зорлағаны және оларға қатысты сексуалды сипаттағы іс-әрекет жасағаны үшін бостандықтан айыру мерзімі артпақ. Енді бұл қылмыс үшін 12 жылдан 17 жылға дейін темір торға тоғыту көзделген. Бүгін осындай нормалар қарастырылған жаңа заңды Сенат депутаттары қабылдады. Бұл құжатқа сәйкес, қолданыстағы бірқатар Кодекске өзгертулер енгізу де жоспарланып отыр. Ал сандарды сөйлететін болсақ, соңғы бес жылда елімізде 5 мыңға жуық бала зорлық-зомбылық көрген.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Заң жобасында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарының қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына кәсіби қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарыс әрекеттер жасау фактілері туралы жасырғаны және хабарламағаны үшін жауапкершілік туралы мәселе реттелген. Айналадағы адамдардың кейбір санаттарының балаларға қатысты зорлық қылмыстары үшін жаза күшейтілген.

Хабар 24 телеарнасы