378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұрмысы төмен отбасыларды баспанамен қамтуға қомақты қаржы бөлінбек

  • 140
  • UPD: 17:54, 14.03.2019

Тұрмысы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін биыл мемлекеттік бюджеттен 50 млрд теңге қаржы бөлінбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен отырыс барысында Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева мәлімдеді. Оның айтуынша, аз қамтылған, көп балалы және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жанұяларға 20 жыл мерзімге жылдық көрсеткіші 2 пайызды құрайтын несие берілмек. Статистикалық деректерге көз жүгіртсек, бүгінде еліміз бойынша үй кезегінде 28 мың адам тұр. Олардың басым бөлігі Түркістан облысының азаматтары. Одан кейінгі кезекте Алматы облысы. Бұдан бөлек вице-министр атаулы әлеуметтік көмек 800 мың адамға берілетінін мәлімдеді. Осылайша аз қамтылған отбасылардың әр баласына ай сайын күнкөріс минимумының 70 пайызы немесе 20 789 теңгеден төленеді. Ал мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға немесе асырап алушыға берілетін жәрдемақы 41 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Хабар 24 телеарнасы