378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірқатар мемлекеттік органда басшылық лауазымдар қысқартылады

  • 174
  • UPD: 15:15, 14.03.2019
Бірқатар мемлекеттік органда басшылық лауазымдар қысқартылады

Алдағы жартыжылдықта орталық жергілікті атқарушы органдарда, сондай-ақ ведомстволық мекемелерде штат санын оңтайландыру жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Агенттік басшыларды қысқартуды қазірдің өзінде бастап кетті. Сондай-ақ қағазбастылықтан арылтып, әкімдіктердегі құрылымдық бөлімшелерді азайту міндетін де қойып отыр. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер отыратын ғимараттардағы алаңдарды  оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соған сәйкес мекеме басшылары бірінші қабатта әйнекпен бөлінген кабинеттерде отыратын болады.

Олжас Бектенов, ҚР МҚІСЖҚІҚА төрағасының орынбасары:

- Ашық фронт-кеңселер, кедергісіз кеңселер, open space алаңдары құрылып жатыр. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. Мемлекеттік қызметкерлер мен қарапайым тұрғындар арасында алшақтық болмауын  көздейміз. Осылайша мемлекеттік аппарат пен қоғам арасында ашықтық қамтамасыз етіледі. Мәселен, Сарыарқа ауданының әкімдігі осындай форматқа сай қайта жабдықталды.

Хабар 24 телеарнасы