378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Г. Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы БҚО-дағы жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысты

  • 132
  • UPD: 17:42, 14.03.2019
Г. Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы БҚО-дағы жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысты

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы бүгін Бәйтерек ауданында болып, жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталықтың қызметіне күніне 30 шақты адам кеңес алуға келеді. Соңғы екі жылда 2 мыңдай адам орталықтың көмегін пайдаланған. Ал осы ауылдың тұрғыны Парахатовтар отбасы 2016 жылы мемлекеттің қолдауымен шаруа қожалығын ашыпты. 1 жарым миллион теңге көлеміндегі жеңілдетілген несие қаржысына ірі қара сатып алады. Көп балалы отбасы қазір сүт өнімдерін ауылдастарына өткізіп пайдасын көре бастады. Құрт пен ірімшік, сүзбе дайындайтын қондырғы сатып алып, өз үйлерінде шағын цех ашқан. Үкімет мүшелері еңбекқор отбасыға алдағы уақытта да мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Алексей Герасимов, Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша 232 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша бізге келді. 1049 адам осы көмекті алып отыр. Биылдың өзінде 87 адам осы мәселемен хабарласты. Сонымен қатар ауданымызда түрлі мамандықтарға оқытатын қысқа курстар өткізіліп тұрады. Олар – негізінен жүргізуші, бухгалтер, газ және электрмен дәнекерлеуші секілді мамандықтар. Олардың 70 проценті жұмысқа орналасты.

Үкімет мүшелері бұдан кейін Оралдағы бірнеше көп балалы отбасыларына кіріп-шықты. Премьер-министрдің орынбасары еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылатынын жеткізді.

Саида Айтмұханова, қала тұрғыны, «күміс алқа» иегері:

– Осыған дейін күміс алқа алып келдім. Жолдасым да жұмыста жоқ. Бұрын атаулы көмек алмадық.

Хабар 24 телеарнасы