389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы қылмыс жиі тіркелетін ауданда полиция бөлімі ашылды

  • 424
Петропавлдағы қылмыс жиі тіркелетін ауданда полиция бөлімі ашылды

Петропавлдың ең криминалды ауданында полиция бөлімі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала шетіндегі Жұмысшы кентінде ұрлық, нашақорлық, есірткі саудасы тыйылмай тұр. Жұмыссыз жүрген азаматтар да өте көп. Сондықтан тәртіп сақшылары осында көшуге шешім қабылдады. Мұнда жергілікті тұрғындарға 100-ден астам полицей қызмет көрсетеді. Бөлімде фронт-кеңсе де орналасқан. Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, бұл халықпен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Жандос Мұқатов, қалалық ПБ бастығы:

– Жұмысшы кентінде бізде 70 мыңнан астам адам тұрады. Сол кісілерге қызмет жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы