378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР АШМ: Әлеуметтік нан бағасы қымбаттамайды

  • 91
ҚР АШМ: Әлеуметтік нан бағасы қымбаттамайды

Дүкен сөрелеріндегі нан бағасы тағы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған ел және әлем нарығындағы астық құнының өсуі әсер етуде. Алайда Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік нан бағасы қымбаттамайды деп сендіріп отыр. «Оған тиісті мониторинг жүргізіліп, жағдай бақылауда болады», – дейді министр. Ал жоғары сұрыпты нан бағалары құбылуы ықтимал. Бұл өз кезегінде, астық өндірушілерге зор пайда әкелмек. Көктемгі егіс науқаны алдында олар кірісін арттырып, несиелік қарыздарын өтей алады. Айта кетейік, бидай бағасы өткен жылдың соңынан бері қымбаттап келеді. Тек үшінші санаттағы астық құнын бір деңгейде ұстауға мүмкіндік туды. Қазір оның тоннасы – 65-67 мың теңге.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

– Бидайды өндіруші бар, қолданушы бар. Қазіргі жағдайда екі жақтың да өтінішіне келіп отырмыз. Облыс әкімдіктері нан бағасын қадағалап отырады. Біз Астананы қадағалап отырамыз. Сондықтан нанның бағасын негізсіз көтеріп жатқан болса, құзіретті органдар барып тексереді.

Жалпы елімізде астық тапшылығы жоқ. Қоймалар мен өндіріс орындарында 10 жарым миллион тонна өнім бар. Оның 8 миллионнан астамы бидайға тиесілі. Жыл соңына дейін экспортқа 2 миллион тоннасын жөнелту көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы