378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда кәмелеттік жасқа толмаған 2 мыңнан аса тұрғынның құқығы бұзылған

  • 112
Таразда кәмелеттік жасқа толмаған 2 мыңнан аса тұрғынның құқығы бұзылған

Тараз қаласының прокуратура қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған 2 мыңнан аса тұрғынның әлеуметтік көмек алу құқықтары бұзылғандығын анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті атқарушы орган ата-ана қамқорлығынсыз қалған және дамуында ауытқушылығы бар жеткіншектерге оқу кезінде қоғамдық көлікте жүру үшін заңнамамен қарастырылған өтемақыны төлемеген. Сондай-ақ «Болашақ», «Мейірім» және ақыл-есі кем балаларға арналған үш мектеп-интернатта оқушыларға тегін берілуі тиіс тамақ пен киім де берілмеген. Оқу орындарының әкімшілігі бюджетті жоспарлау кезінде бұл мақсаттарға арнайы қаражат қарастырмапты.

Қайсар Бекмұратов, облыс прокурорының аға көмекшісі:

– Жол берілген заң бұзушылықтар үшін 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал екі интернат және облыстық білім басқармасының басшыларына 110 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Хабар 24 телеарнасы