378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан дәрі-дәрмек сатып алуда 19,6 млрд теңге үнемдеген

  • 99
Қазақстан дәрі-дәрмек сатып алуда 19,6 млрд теңге үнемдеген

Осыдан 2 ай бұрын ел дәріханаларынан алынған «Эреспал» препаратының 80 мыңнан астам қаптамасы шетелдік өндірушіге кері қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске салайық, тыныс демікпесімен күресуге арналған франциялық өнімнің жүрек соғысына кері әсер тигізетіні анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Фармация комитетінің өкілдері хабарлады. Сондай-ақ жыл басынан жергілікті дәріханалар жалпы құны 48 млрд 600 млн теңгеге тең 500-ден астам отандық дәрі-дәрмек атауын сатып алған. Осылайша, былтырғы кезеңмен салыстырғанда, шамамен 20 млрд теңге үнемделген. Сонымен қатар осы жылы медициналық ұйымдар қосымша 500 дәрі-дәрмек атауына тапсырыс берген. Оның ішінде туберкулезге қарсы фармацевтикалық өнімдер де бар.

Ержан Жүнісов, ҚР ДСМ фармация комитеті төрайымының орынбасары:

– «Стоп ту би» деген халықаралық қормен бірге келісімшарт жасасу арқылы 2019 жылға қарай 2 препарат алуға жоспарланды, бұл жалпы сомасы 1 млрд теңгені құрап отыр. 2,5 мың халыққа бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы