378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраулықтар Амал мерекесін жоғары деңгейде атап өтті

  • 109
  • UPD: 21:57, 14.03.2019

Амал мерекесін атыраулықтар да жоғары деңгейде қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алыс-жақыннан, ой-қырдан жиылған ағайын бір-бірімен көрісіп, қауышып, табысты. Атап айту қажет, бұл үрдістің тәлім-тәрбиелік маңызы да жоғары. Өйткені бұл күні жұртшылық арадағы өкпе-наз болса кешіріп, ескі жылмен қалдырады. Ұлтымызға тән салт-дәстүрімізді насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында бүгін Атырауда да үлкен мерекелік шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бір легі Бейбарыс сұлтан алаңында өткізілді. Жастар аға буын, ақсақалдармен көрісіп, амандасып батасын алды.

Асанәлі Әшімов, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек ері:

– Жалпы бұл мерекені Қазақстанның барлық облысында өткізетіндей жағдайға келтіру керек.

Аман Құмақов, қала тұрғыны:

– Сол кезден бастап қалыптасқан әдет-ғұрып қазіргі таңға дейін жалғасып жатыр. Сондықтан бүгін «Амал» мерекесі біздің Атырау-Жайықтың жағасында ерекше, көңілді күйде өтуде. Өйткені Ұлыстың ұлы күні деп Наурыз мейрамын тойласақ, бұл соның алғашқы күні болып есептеледі. Сондықтан да Амал мерекесі құтты болсын. Еліміз тыныш болсын, жастан-жасқа жете беріңіздер.

Авторы: Бекен Әлирахым

Хабар 24 телеарнасы