375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қыс бойы шығарылмаған қар Петропавл тұрғындарына едәуір қиындық тудырды

  • 63
  • UPD: 07:51, 15.03.2019

Петропавлда күн жылынып, көшелер ми батпаққа айналды. Қыс бойы шығарылмаған қалың қардың күрт еруі тұрғындарға едуәір қиындық туғызды.

Енді аулаларда көліктер батып, адамдар жүре алмай қалды. Ал коммуналдық қызмет мамандары күні-түні жұмыс істесе де үлгермей жатыр. 

Петропавлдың шетінде тұратын Павел Федёров қыс бойы қарды жолдың жиегіне шығарып үйген. Бірақ, оны ешкім алып кетпепті. Зейнеткер: «коммуналдық қызмет бірде–бір рет төбе көрсетпеді» дейді.   

Павел Фёдоров, қала тұрғыны:

- Адамдар көлік жүретін жолмен жүреді. Өйткені жаяу жүргіншілер жолын қар басып қалған. Оны ешкім де шығарған жоқ. Әсіресе балаларға қиын.

Қар тазалау қызметі ақсақ қойдың қылығын қайталағандай. Оны көктем көрсетті. Күн жылына қала көшелеріне бірден 70 техника шығып кеткен. Енді күні-түні жұмыс істеп жатыр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Қыс бойы жауған қар сіресіп қатып қалған. Енді ол еріп, езіліп, міне көліктер шыға алмай, батып тұр.

Қазір әр аулада осындай көрініс. Көп қабатты тұрғын үйдің тұрғындары күрек алып, жаппай қар тазалауға шықты. Өйткені, коммуналдық қызмет үлгермей жатыр.

Әсем Айтолова, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Қазіргі таңда су тасқыны болу аймақтарда ол мына Рабочий кентінде, Заречный, Хромзавод кенттерінде ең алдымен қар сол аймақта тазаланып жатыр. Мынау Хромзаводты алатын болсақ онда қыста екі рет қар тазартылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.

Биыл қыс қатты болды. «Қар еке есе көп жауды» дейді мамандар. Сондықтан көтемнің келгеніне ешкім де қуанып отырған жоқ.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы