378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдық отбасы үшін көрісу дәстүрінің орны бөлек

  • 113
  • UPD: 09:55, 15.03.2019

Еліміздің көптеген өңірлері Наурыз мейрамын тойлауды бүгіннен бастап кетті. Ол жақтағы жұрт бұл мерекені «Көрісу» немесе «Амал» мерекесі деп атайды.

Ең бастысы, көрісу кезінде адамдар арадағы өкпе-ренішті ұмытып, ағайын туыстың амандығын тілейді. 

Көрісу сынды көне дәстүрдің Бөкенбаевтар әулеті үшін орны бөлек. Бұл күні 12 бала тәрбиелеп өсірген Бақытжан ата мен Дариға әжейдің ұрпақтары бір дастархан басына жиналады. Көнекөз қариялар өмір бойы ауылда еңбек етті. Қазір өздерінен өрбіген 25 немересі мен 12 шөбересінің ортасында  бақытты ғұмыр кешіп отыр. «Кейінгі толқын үшін көрісу айттың тәрбиелік мәні зор. Үлкенді сыйлау ата салтымыз, қанымызға сіңген қасиет. Қытымыр қыстан аман шыққан барша жасы кіші ағайын бұл күні арнайы келіп көріседі» дейді қазыналы қария.  

Бақытжан Бөкенбаев,  еңбек ардагері:

- Бұрынғы уақыттарда үлкендерге әдейі өзіміз барып келіп көрісіп жүрдік. Ол құрмет қой қазағымыздың, алла сыйласын айналайын, бәріңе де айтатыным. айтамын бәріне де, балдарым, үлкенге көрісіп жүр. Дендерің сау болып, аманшылықта болыңдар, көріскен дұрыс қой үлкенге.

Бұл күні жұртшылық «Қош келдің, жаңа күн!» атты театрландырылған мерекелік шараны тамашалады. Қаланың қақ ортасында киіз үйлер тігіліп, өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты. Төс қағыстырып, құшақ жая көріскен жандар бір-біріне ақ тілектерін арнады. Мың бұрала билеген арулар мерекенің көркін келтірсе,  жігіттер жағы білек күшін сынасты.

Азамат Ғизатов, қала тұрғыны:

- Үлкендерді сыйлауға сосын үлкенге құрмет, кішіге ізет, үлкендер бата беріп үлкендер, үлкен кісілерден үлгі аламыз. Бүгін өз достарыммен және үлкен туысқандарыммен осы мейраммен құтықтап көрісіп шықтым.

Марфуға Қайырғозина, қала тұрғыны:

- Осы көрісу дәстүрі бауырмалдыққа ізгіллке тәрбиелеп бір-бірімізді, негізінен алғанда осы 14-і ескіше хамиал аталып, ал 1 наурыз сол жылдың басы. 

Жалпы көрісу аталатын көне дәстүрдің тамыры тереңде. Кейбір зерттеушілер бұл күнді  күнтізбенің ауысуымен байланыстырса, енді бірі әз-наурыздың бастауы санайды. Бастысы, үлкенге құрмет, ал кішіге ізет көрсетілер күннің ізгі амал мерекесі екені анық. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Руслан Ғазизов

Хабар 24 телеарнасы