378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Ақтөбе облысында 10 дәрігерлік амбулатория салынады

  • 93
  • UPD: 10:32, 15.03.2019

Биыл Ақтөбе облысының елді мекендерінде 10 дәрігерлік амбулатория салынады. Былтыр 18 медициналық мекеме ел игілігіне тапсырылған еді.

Облысқа жұмыс сапарымен келген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ауылдағы емханалардың жұмысын көрді. Хромтау ауданының Ақжар ауылындағы амбулаторияда болып, ұжыммен тілдесті. Елбасы тапсырмасымен осы салада жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты. Медицинаны дамыту үшін қосымша 120 млрд теңге бөлінеді. Одан бөлек, шілде айынан бастап, қызметкерлердің жалақысы 20 процентке өседі. Ауылдағы мамандардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болмақ. Жалпы былтыр облыста 114 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, елді мекендерге жұмыс істеуге барған. Министр Хромтау аудандық ауруханасындағы жаңа жүйенің жұмысымен танысты. Анығырақ айтсақ, алғашқы медициналық көмек сырқаттың жағдайына қарай бірнеше деңгейге бөлінеді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бүкіл дүние жүзінде ондай технология енгізілген. Жедел-жәрдем жағдайларда ауруханаларда қабылдау зоналарында осындай триаж жүйе қабылданды. Оның негізгі мақсаты- күрделі жағдайдағы науқастарға сапалы көмекті тез көрсету. Соған арнайы бұйрық қабылданды. Әріптестерді оқытып мәселесін шешіп, тренингтер жасап жатыр. Соны тексердік. Жалпы түсінік бар, бірақ әлі жұмыс істеу керек.

Эльмира Тілеубергенова, Ақжар ауылының дәрігері:

- Қазіргі таңда осы ауылдық жерлерге, селоларда шынымен дәрігерлер жетіспеушілігі бар. Осы квотамен грантқа түскен студенттерге қолдау көрсеткен болатын. Мемлекеттің берген квотасымен жұмыс атқарып жатырмын.

Хабар 24 телеарнасы