378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда көшеге жаңбыр суына арналған қосымша құбырлар орнатылды

  • 71
  • UPD: 10:18, 15.03.2019
Ақтауда көшеге жаңбыр суына арналған қосымша құбырлар орнатылды

Ақтауда көшелердің бойына жаңбыр суы ағып кететін қосымша кәріз құбырлары қойылуда. Бұған әсіресе жүргізушілер қуанып жатыр.

Себебі нөсерден соң өзенге айналатын жолдарда адам түгілі көліктердің жүруі мүмкін емес. Су көп жиналатын күрделі деген 16 аумаққа нөсер ағындары орнатылды. Жаңа құбырлар ортақ кәріз жүйесіне барып қосылады. Қалада мұндай суағарлардың 68 данасы бар екен. Оның тең жартысы көше бойында, қалғаны шағынаудан ішіне қойылған. Оларды жылына екі рет тазалап тұрады. Алдағы уақытта қаланың бірнеше жеріне жаңбыр суын сүзу қондырғысын орнату да жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы