389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылықтардың жол сапасына көңілі толмайды

  • 505
  • UPD: 10:30, 15.03.2019

Қарағанды қаласында 30 шақырымға жуық автокөлік жолы жөндеуден өтеді. Сонымен қатар үш жаңа айналма жол салу жоспарланып отыр.

Қазір  коммуналдық шаруашылық бөлімі қала көшелеріндегі тозығы жеткен даңғылдарды жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. 

Айнұр Әбдиева, тілші:

- Көктем келісімен жолдардың сапасына шағымданатын қала тұрғындарының саны әлеуметтік желіде күрт көбейеді. Биыл қаланың 16 автокөлік жолы күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар жергілікті билік тұрғындардың арызына байланысты қала көшелерін аралап, тозығы жеткен жолдар тізімін жасамақ.

Блиц:

- Қарағандыда тозығы жетіп, жөндеуді қажет ететін жолдар жеткілікті. Жолдардың сапасы төмен.Жолды жасау технологиясын білмейтін шығар мүмкін. Батысқа барып үйреніп келіп жасаса жақсы болар еді.

Мұндай жолдармен жүріп, шұңқырларға көліктің алды арты ұрылады, көлікті әрқашан жөндеуге тура келеді.

Қаладағы Оңтүстік шығыс ауданында орналасқан Құрылысшылар даңғылын толық күрделі жөндеуден өткізуге қалалық бюджеттен 2 мрлд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Әзірге жоластында орналасқан құбырлар ауыстырылуда. Одан кейін жолға  асфальбетон төселеді.

Нұржан Тасмағамбетов, қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінің автокөлік жолдар секторының меңгерушісі:

- Асфальтбетон  аумаққа толық төселеді. Битум жолдың құрамын жаңартады. Былтыр шаршы метрге 2-3 мың теңге жұмсалған болатын. Ал шұңқырларды жөндеуге 3,5-4 мың теңге жұмсалды.

Айта кету керек, Қарағанды қаласындағы бірнеше тас жолдарға  төселген асьфальт құрамына осыған дейін, шет елден әкелінген арнайы қоспалар қосылған.  Қазір бұл эксперименттік жолдар зерттелініп жатыр. Егер төзімділігі ұзақ  болған жағдайда,  осы технология кеңінен қолданылмақ.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы