378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендіктер еріген қар суын кедергісіз ағызуға қамданып жатыр

  • 84
  • UPD: 10:36, 15.03.2019
Өскемендіктер еріген қар суын кедергісіз ағызуға қамданып жатыр

Өскеменде 63 шақырым нөсерлік канализация желісі бар. Көктем басталысымен еріген қар суының жолдарға жайылып кетпеуі үшін желі бойындағы құдықтар ашылып, тазартылып жатыр.

Сонымен қатар жаңадан салынатын көшелер жобасында, қарғын судың алдын алуға арналған нөсерлік канализация коллекторын жол үстіне төсеу мәселесі ескерілген. Мәселен, қазір Карл Маркс даңғылында, Жібек жолы, Астана, Тәуелсіздік секілді бірнеше көшелерде құрылыс монтаждау жұмыстары істелуде. Аталған жобалар ескі нөсерлік канализацияларды жөндеуге,немесе оны жаңадан салуға бағытталған. Сондай ақ Сәтпаев даңғылында жаңбыр суына арналған құбыр магистральі коллекторының құрылысы іске асырылуда.Аталған желілер ағын су басудың алдын алып ғана қоймай, қала экологиясының жақсаруына септігін тигізеді дейді мамандар.

Авторы: Эльмира Ахметова

Хабар 24 телеарнасы