389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жылдан бастап еңбек кітапшасы электронды форматқа көшеді

  • 625
  • UPD: 11:49, 15.03.2019
Келер жылдан бастап еңбек кітапшасы электронды форматқа көшеді

2020 жылдың 1қаңтарынан бастап «Еңбек кітапшасы» сандық форматқа өтеді. Енді жұмысқа қабылданар кезде  осы күнге дейін қолданыста болған еңбек кітапшасын өзіңізбен бірге алып жүрудің еш қажеті  жоқ. 

Еңбек нарығында цифрлы жүйені енгізу жұмыс беруші мен жұмыс іздеген азаматтар үшін тиімді болмақ. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі үкіметке тапсырған негізгі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қолға алынып жатқан игі бастама. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен алғашқы несие бюросы ұйымдастырған жиынға, еліміздегі ірі компаниялардың кадр бөлімінен өкілдер қатысты. Енді жұмыс беруші мен жұмысқа тұратын азамат арасындағы келісімшарт электронды жүйе арқылы жасалады. Ал қолданыстағы еңбек кітапшасы да цифрландырылып, барлығы  министрліктің мәліметтер базасында сақталады.

Олжас Анафин, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры: 

- Сандық еңбек нарығы жүйесіне бүгінгі таңда 9200 кәсіпорын мен 450 мыңға жуық түйіндеме тіркелген. Бүгінгі кездесуге қатысқан кадр бөлімі қызметкерлеріне азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша электронды бағдарламаның қыры-сыры түсіндірілді.  Әсіресе, әлеуметтік әлсіз топтарға басымдық беру жайы айтылды.

Хабар 24 телеарнасы