378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры 19 жылға сотталды

  • 100
  • UPD: 13:57, 15.03.2019

«Мұнай және мұнай өнімдерін шығарылу заңдылығын растайтын құжатсыз тасымалдады, сақтады және қайта өңдеді» деп айыпталып, ұзақ жылға бас бостандықтарынан айырылған Қожағалиев пен Кунцевичке кесілген жаза өзгеріссіз қалды.

Олар өткен жылдың желтоқсан айында Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотталған еді. Үкіммен келіспеген сотталушылар апелляциялық шағым түсірген болатын. Ақтөбе мұнай өңдеу зауытының бұрыңғы директоры Қожағалиев 19 жылға бас бостандығынан айырылса, Беларусь елінің азаматы Кунцевичке 17 жыл жаза кесілген. Сондай-ақ топ мүшелері Өтениязов пен Көшкінбаев 4 жылға сотталса, салық төлеуден жалтарды деп айып тағылған Раев бостандыққа шыққан еді. Ол мемлекет алдындағы қарызын толық өтеген. Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, мұнай өнімдерін сатумен айналысқан топ мемлекетке 1,4 млрд теңге шығын келтірген.

Қайырбек Елемесов, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

- Қожағалиев Алмаз Орынбасарұлына, Кунцевич Сергей Геннадиевичке, Көшкінбаев Азамат Тоқмырзаұлына, Өтениязов Эдуард Александировичке қатысты, Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының 2018 жылдың 12 желтоқсанындағы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылсын.

Хабар 24 телеарнасы