389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақытжан Сағынтаев жастарға: Ойларыңызды ашық айтыңыздар

  • 865
  • UPD: 15:32, 15.03.2019

Мемлекеттік хатшы жастарды биыл Жастар жылы аясында жүзеге асырылатын жобаларға белсене атсалысуға шақырды.

Бақытжан Сағынтаев елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастардың әл-ауқатын жақсартуға, олардың сапалы білім мен жоғары деңгейдегі медициналық қызметке қол жеткізуіне және баспана жағдайын түзетуге қатысты бірқатар шараның қолға алынғандығын атап өтті. Кездесу барысында республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері Мемлекеттік хатшыны өз ұйымдарының қызметімен қатар, осы жылғы жоспарларымен хабардар етті.

Бақытжан Сағынтаев жастарға өз-өзін жетілдіру, білім деңгейін көтеру және кәсіби біліктілігін арттыруда жаңадан енгізілген «әлеуметтік лифт» мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды. Сондай-ақ жастар саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеуіне баса мән беру қажеттігіне де тоқталды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Алға қойып отырған мақсат-міндеттеріміз өте ауқымды. Оны өздеріңізбен бірге атқарамыз. Егер жастар тарапы өздігінен бастама көтеріп, құлшыныс танытпаса, біз көздегенімізге жете алмаймыз. Сондықтан бәрі сіздердің қолдарыңызда. Ойларыңызды ашық айтыңыздар. Қазір елімізде жастардың білім алуына, кәсіби біліктіліктерін арттыруына және кәсіпкерлікпен айналысуларына барынша қолдау көрсетіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы