378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік кәсіпорын басшысы жұмысшыларына банктен несие алғызбайды

  • 155
  • UPD: 15:18, 15.03.2019

Қарапайым жұмысшының құқығы заңды түрде қорғалуы тиіс. Кәсіпорын басшылары жалдамалы жұмысшылардың еңбекақысын уақытылы төлеп, әлеуметтік жауапкершілікті сезінгендері дұрыс.

Ақтөбеде кәсіпорын басшыларымен кездескен вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова  осы жайлы баса айтты. Үкімет мүшелері «Ақтөбе рельс арқалығы» зауытының жұмысшыларымен жүздесіп, әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы баяндап берді. Облыста 11 мыңнан астам кәсіпорында 354 мың жалдамалы жұмысшы еңбек етеді. Оның ішінде 7 кәсіпорынның жұмысшылар алдында жалақы қарызы бар екен. Осы орайда, тиісті шаралар қабылдануы тиіс. Жалпы, Елбасы тапсырмасымен, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап, ең төменгі жалақы көлемі бір жарым есеге өсті. Еліміз бойынша 2 млн астам жұмысшының салық жүктемесі азайды. Зауытта өткен жиында баспанамен қамтамасыз ету, ыңғайлы жұмыс тәртібін орнату, балаларына лагерге жолдама беру сияқты мәселелер жан-жақты талқыланды.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Еңбек дауларын біз күн сайын қарап, тексеріп отырамыз. Кәсіпорын мен жұмысшы арасындағы даулардың 30 проценті жалақы қарызына байланысты туындайды. Екіншісі, еңбек қауіпсіздігіне қатысты мәселелер. Осыған байланысты республикалық көрсеткішті төмендетуге қол жеткіздік. Алайда, әлемдік стандартқа жеттік деп айта алмаймыз. Жұмысберушілер инфляцияға байланысты жалақыны өсіріп отырғандары жөн. Соңғы 10 жылда жалақы 2,5 есеге өскен.

Серік Естемесов, кәсіпорын жетекшісі:

- Бізде компаниямызда жылда шипажайға жібереміз. Және де біздерде компанияда ешкімнің банкте қарызы бар деп ойламаймын. Біз банктен кредит алдыртпаймыз. Қазір 2 отбасы бар, үй сала жақ. Оларға көмек береміз. 3 млн теңге бөлдік. Олар сол 3 млн теңгені айлығынан шегеріп отырады.

Хабар 24 телеарнасы