389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan партиясы съезінің тапсырмалары бойынша 4 жоба қолға алынды

  • 1196
  • UPD: 15:19, 15.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясы съезінде берген тапсырмалары саяси ұйым мүшелеріне зор міндет жүктеді.

Әлеуметтің әлеуетін арттыру, аз қамтылған отбасыларды қолдау, ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жақсарту сынды мәселелерді шешу үшін 4 бірдей партиялық жоба қолға алынды. Оларды жүзеге асыру барысы саяси ұйым төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Басқосуда өңірлік филиал жетекшілерімен бейнебайланыс ұйымдастырылды. Сөйтіп, партия хатшыларының жаңа жобалар төңірегінде есебі тыңдалды.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасымыз бізге 4 нақты жобаны анықтап берді. Олар Бақытты отбасы, құтты мекен, ауыл - ел бесігі, халыққа көмек. Осы төрт жобаны біз партия мүшелері жүзеге асыруымыз керек. Алдағы уақытта осы 4 жоба жұмысымыздың негізі болады. Бұл жобаларды ұлттық деп айтсақ болады. Өйткені олар көптеген мәселелерді қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы