378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы алып тиінге тақия кигізіледі

  • 106
  • UPD: 17:35, 15.03.2019

Наурыз мерекесіне орай сабаннан жасалған алматылық Тиінге қазақы нақыштағы тақия кигізіледі.

Әлемдегі ең үлкен кеміргіштің бас киімі қазір Алматыдағы цехтардың бірінде жасалып жатыр. Тиінді сәндеу – қаладағы креативті агенттіктердің бірінің ұсынысы. Оюмен көмкерілген тақияның диаметрі – үш, ал биіктігі – бір жарым метр. Сондай-ақ тиіннің қолына бес метрлік жауқазын ұстатылып, айналасына гүлшоқтары қойылады.

Тиіннің тақиясы мен гүлшоқтарына 170 мың теңге жұмсалған. Бұл шығынды креативті агенттік өз қаражаты есебінен төлеп отыр. Алып тиін қазақы тақиясын сәуір айының 20-сына дейін киіп тұрады.

Айта кететін жайт, ұлыбританиялық мүсінші Алекс Ринслер туындысының алдағы тағдыры да сәуір айында шешіледі.

Алеся Нугаева, креативті агенттіктің қызметкері:

- Атакент алаңында Наурыздың құрметіне мерекелік іс-шаралар өткіземіз. Ұлттық ойындар мен әртүрлі байқаулар ұйымдастырылады. Алаңды безендіреміз. Мерекеге орай тиінді де әдемілеп қоюды жөн көрдік. Ал сәуір айының басында қалалық әкімшілік пен осы жобаның авторы тиіннің тағдыры туралы тиісті шешім қабылдайтын болады.

Авторы: Ұлан Нарынбек

Хабар 24 телеарнасы