377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында сапасыз жолды мердігер өз қаражатына жөндейтін болды

  • 115
  • UPD: 23:42, 15.03.2019

Қарағанды-Астана тасжолында пайда болған ақауды мердігер өз қаражатына жөндейді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бүгін аймаққа іссапармен барған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр белгіленген мерзім ішінде олқылық жойылмайтын болса, құрылыс компаниясының қара тізімге енгізілетін баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, жолға төселген бетонда бір жыл өтпей жарық пайда болған, ал ақаудың себебін арнайы георадармен анықтауға тура келді. 16 шақырымды құрайтын алты жолақты тас жолдың құрылысы жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.

Айта кету керек, автобан жоспар бойынша осыдан екі жыл бұрын тапсырылуы тиіс болатын, алайда жол іске қосылмастай жатып төселген бетон жарылып кеткен.

Ратмир Ахметов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Анықталған олқылықты жою үшін кесте құрылды. Енді жолдың бүлінген аумағы зерттелуде. Ақау кішігірім болса, жұмыс көлемі де аз болмақ. Ал жол төсендісі сынып кеткен жағдайда, біздің технологияға сәйкес толық ауыстыру қажет. Тамыз айының соңына дейін жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Авторы: Айнұр Әбдиева

Хабар 24 телеарнасы