378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшылар: Ұлтаралық тұрақтылыққа ғылыми болжам қажет

  • 108
  • UPD: 23:45, 15.03.2019
Сарапшылар: Ұлтаралық тұрақтылыққа ғылыми болжам қажет

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрааралық ғылыми білім беру орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев ғалымдармен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жиналғандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдағаннан кейін ол маңызды екі бағытты атап өтті. Ең алдымен ғылыми қауымдастық елдегі оқиғалардың даму үрдісін алдын ала болжап, шұғыл жұмыс істеуге, келеңсіз жайлардың  алдын алуға тиіс. Ал екінші бағыт – Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

Гүлнәр Насимова, ҚХА Кафедрааралық ғылыми-білім беру орталығының директоры:

- Жастарға көп жағдайды түсіндіруіміз керек. Біздің студенттер келеді, ана жерде қақтығыс болып жатыр, жанжал болып жатыр, осы жанжалды барлығы ұлтаралық деп айтады. Барлық жағдайда ғылыми түрде қарастыру керек.

Авторы: Алуа Махамбет

Хабар 24 телеарнасы