378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда i-vent инновациялық форумы өтеді

  • 104
  • UPD: 23:45, 15.03.2019

Жастар жылына арналған шараға ел бойынша IT мамандар, зерттеушілер мен ғалымдар қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жиын барысында олар ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және медицина салаларына енгізген цифрлық жобаларымен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум жас мамандардың ой-өрісін кеңейтіп, отандық IT саласының дамуына тың серпін береді. Жалпы, биыл жастар жылына орай облыста 20-дан астам түрлі шара ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

Ирина Тухватулина, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы:

- Қазір IT саласы, IT индустриясы әлемдік трендке айналды. Сондықтан бұл форум инновациялық жаңашылдықтарға арналады. Оның ішінде цифрлық технологияларды ауыл шаруашылығы, білім беру және медицинаға қалай енгізу керектігін қарастырамыз.

Авторы: Айдарбек Айтмұхамбетұлы

Хабар 24 телеарнасы