389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да полиция департаментінде адалдық дүкені ашылды

  • 741
БҚО-да полиция департаментінде адалдық дүкені ашылды

Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде адалдық дүкені ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл бастама «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Ізгілікке бағытталған қадамды елімізде алғашқы болып өңір полицейлері қолға алып отыр. Бұл дүкенде әдеттегідей сатушы болмайды. Ал сатылымға қойылған тәтті тағамдарды полиция қызметкерлерінің өздері дайындайды. Жиналған қаржы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға беріледі. Қаражат мөлдір шыны ыдысқа жиналады, өнімдердің бағасын сатып алушылар өздері белгілейді. Мұндай дүкендер барлық аудандық ішкі істер бөлімдерінде ашылған. Қайырымдылық акциясына өзге де мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлер қосылып жатыр.  

Болатбек Белгібеков, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті мен ПД арасында іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Сол жоспарлардың бірінде осы адалдық дүкені қарастырылған болатын. Адалдық дүкені дегеніміз – қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа иммунитетін арттыру, оларды адалдыққа үйрету, бейімдеу.

Хабар 24 телеарнасы