378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодардағы коммуналдық желілерге қызмет көрсетуші кәсіпорын мамандарына жалақы беретін болды

  • 71
Павлодардағы коммуналдық желілерге қызмет көрсетуші кәсіпорын мамандарына жалақы беретін болды

Павлодар қаласының коммуналдық желілеріне қызмет көрсетуші кәсіпорын мамандарына жалақы берілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері мәлімдеді. Сонымен қатар орын алған оқиғаға қатысты мәселені түсіндірді. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін әкімдік пен қызмет көрсетуші ұйым арасындағы түсінбестік салдарынан 14 жұмысшы еңбекақыдан қағылды. Жалақы осы жылдың ақпан айы үшін берілмеген. Жалпы берешек – 4 млн 300 мың теңге. Еске салсақ, жекеменшік компания Павлодар әкімдігінің иелігіндегі 35 шақырымдық су тарату және 8 шақырымға жуық жылу тарату желілеріне қызмет көрсетіп келеді. Қос тарап арасындағы келісімшарт үш жылға, яғни 2020 жылға дейінгі мерзімге бекітілген. Дегенмен әкімдік құжатты бұзуға ниеттенуде. Себебі коммуналдық желілер өзгенің балансына беріледі. Жекеменшік компания әкімдіктің шешімімен келіспесе, соттың көмегіне жүгіне алады.

Ермұрат Нұрханов, қала әкімінің орынбасары:

– Жекеменшік ұйымның атқарған жұмысына сараптама жасап, тексеріс жүргіздік. Қазіргі уақытта жалақыны төлеу бойынша тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр. Алдағы бірнеше күннің ішінде еңбекақы есептеледі. Кейін туындаған өзге мәселелерді шешеміз.

Авторы: Ақмарал Есімхан

Хабар 24 телеарнасы