389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда үлкен жүк көліктеріне жүруге шектеу қойылады

  • 356
  • UPD: 15:10, 16.03.2019
Қазақстанда үлкен жүк көліктеріне жүруге шектеу қойылады tengrinews.kz

Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына сәйкес 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында сегіз тоннадан асатын жүк көліктеріне республикалық маңызы бар жолдарда жүруге тыйым салынады.

Шектеу Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолданылады. 1 наурыздан 1 сәуірге дейін мұндай тыйым Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарына енгізілді. Бұл шектеудің жолаушы және халықаралық деңгейде жүк тасымалдайтын көліктерге қатысы жоқ. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүргізетін немесе зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, сондай-ақ тамақ өнімдерін, жолаушылар мен жүк, дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын немесе жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын көлік құралдарына тыйым салынбайды. Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдармен жүру үшін жүргізушілер көлігі рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен жағдайда арнайы рұқсат алу керек.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы