378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының қаупі жоғары

  • 77
  • UPD: 17:39, 16.03.2019

Өңірде күн күрт жылынып, қар тез ери бастады. Бүгінгі таңда су жан-жақтан жиналып, Есіл өзеніне қосылып жатыр. Бұл ретте төтенше жағдайлар қызметкерлері дайындық шараларын күшейтіп, синоптиктермен бірге судың деңгейін күнбе-күн бақылап отыр.

Гидрологиялық бекетіннің бақылаушысы Фархад Ғайнуллин күнбе – күн Есіл өзеніне түсіп, мұздың қалыңдығын, судың деңгейі мен ағыстың жылдамдығын өлшейді. 

Биылғы қыста қар молынан жауды. Синоптиктердің айтуынша, әсіресе Есіл өзенінің бойындағы сай – салалардағы жағдай алаңдатарлық. Қар шамадан тыс.

Қымбат Мерғалымова, «Қазгидромет» МКК СҚОФ директоры:

- Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, қар өткен жылмен салыстырғанда 3-4 есеге көп. Қазір қызыл су Есіл өзеніне ағып жатыр. Мұз да күн сайын еріп барады.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері көктемгі тасқынға сақадай сай. Бүгінгі таңда облыс бойынша 19 жедел әрекет ету тобы құрылған.

Рамиль Камалов, облыстық ТЖД бастығы:

-Дайындық жұмысы жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірге жүргізіледі. Қазір су өткізу құбырлары мен арықтар тазартылып жатыр. Қар да шығарылу үстінде.

Күні бүгін Сергеевка су қоймасы 94 процентке толды. Мамандардың айтуынша, су сәуір айында көтеріледі.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы