375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда Үкімет мүшелерінің қабылдауында болған халықтың 70% баспана мәселесін айтты

  • 109
  • UPD: 20:22, 16.03.2019

Алдағы үш жылда елімізде 190 мектеп салынады. Оның 8-і Маңғыстау облысында бой көтермек. Бұл аймақтағы үш ауысымда оқып жатқан оқушылардың мәселесін түбегейлі шешеді.

Ақтау қаласының тұрғындарымен жүздескен Үкімет мүшелері оларға Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алу ережелері туралы айтылды.

Кездесуге мүмкіндігі шектеулі жандар, ардагерлер, көп балалы аналар мен қоғам белсенділері қатысты. Мұнан соң Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалыкова бастаған министрлер азаматтарды жеке-жеке қабылдады. Олар үй алу, жұмысқа тұру, әлеуметтік көмек алу мәселелерімен келген. 70 проценті – баспана жайын қозғады. Үкімет мүшелерінің айтуынша, тұрғын үй мәселесін шешуге қазынадан 500 миллиард теңге бөлінеді. 350 миллиардына жалға берілетін үйлер салынады. Жалпы алдағы 7 жыл ішінде осындай 42 мың пәтер мен төмен пайызды несиемен 56 мың пәтер пайдалануға беріледі. Аталған бағдарламаның арқасында жалпы 98 мың отбасы баспаналы болады деп күтілуде.

Мархабат Жайымбетов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және ткш істері комитетінің төрағасы:

- Жеңілдетілген кредитке байланысты айтатын болсақ, бұл мерзімі 19 жылға 2 пайызбен. Алғашқы жарнасы 10 пайыз. Оны жеңілдетілген тұрғынүй сертификаты дейміз, әкімшіліктердің көмегімен үй алуға болады. Мысалы 6 миллион теңге кредит алатын болса, ай сайын 56 мың 500 теңге табысы болу керек. Ол толық емес отбасылар, және мүгедек балалары бар отбасылар және бірінші кезекте көп балалы отбасыларға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы