378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда «Аумақтық дамудың трансформациясы» атты семинар өтті

  • 99
  • UPD: 07:39, 17.03.2019

Солтүстік Қазақстан облысының аудан әкімдері бір апта бойы сабақ оқыды. Петропавлда жоғары лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Аумақтық дамудың трансформациясы» атты бес күндік семинар өтті. Шара аясында әкімдер бір апта бойы не үйренді?

Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасов өзекті деген мәселелерді айтып тұр. Бірінші кезекте су мен жол. Биыл аудан жолдарын жөндеуге бұрын – соңды болмаған 500 млн. теңге бөлінген. Тіршілік көзі де күн тәртібінен түскен емес.

Жанат Сәдуақасов, Қызылжар ауданының әкімі:

- Қазір біз 25 ауылды белгіледік. Бұл елді мекендерде кеңестік кезіңнен қалған ескі су тарату тораптары бар. Биылдан бастап оларды жөндеп, қайтадан іске қосамыз.

Аудан басшыларының іскерлік қабілетін арттыру үшін Петропавлда семинар өтті. Әкімдер 5 күн бойы оқушылардай қалам, қағаз алып, партада отырды. Дәріс берушілер оларды мемлекеттік қызметке жаңаша көзқараспен қарауға үйретуге тырысты.

Жанар Тұралина, комиссия мүшесі:

- Әкімдерге міндетті түрде баға қойылады. Студенттерге сияқты 90, 80 бал. Сол балдар бойынша баға қойылады. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бес күн бойы көз майын тауысып оқыған аудан басшылары бүгін емтихан тапсырып жатыр. Қазір әр әкім комиссияның алдында өз жобаларын қорғап шығуы тиіс.

Әкімдер 3 жоба ұсынды. Солардың бірі – қоғамдық кеңсе құру. «Бұл құрылым бірнеше адамнан тұрады. Жобаны жазғандардың ішінде Жанат Сәдуақасов та бар. Олар өзекті мәселелердің тізімін жасап, оның шешілуін басынан – аяқ қадағалайды», - дейді Қызылжар ауданының әкімі.

Жанат Сәдуақасов, қызылжар ауданының әкімі:

-Бәрі нақты жазылуы тиіс. Мәселенің шешілуіне мемлекеттік орган емес, соған жауапты тұлғалар жауап береді. Тапсырма уақытылы орындалмаса, тәртіптік жазаға тартылады.

Оқудың пайдасы бола ма, болмай ма оны уақыт көрсетеді. Енді әкімдер аудандарына оралып, ойға түйгендерін қызметте қолданбақ.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы