375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Наурызды тойлау басталды

  • 88
  • UPD: 12:48, 17.03.2019

Алматыда «Ұлы даланың ұлы күні – Наурыз» атты мерекелік іс-шара басталды.

Мұхтар Әуезов театры алаңындағы ауқымды шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мәдени ошақтардың көрісуімен ашылып, мерекелік концертке ұласады.

Бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Сондықтан Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан бүгінгі мерекелік іс-шарада өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтармен етене таныстыруға ден қойылған. Наурызды өнегелі істердің мерекесі ретінде дәріптеуге басымдық беріп отыр. Бір ерекшелігі осындай.

Бүгінгі іс-шара өнер қайраткерлерінің қатысуымен өтетін концертке ұласады. Сондай-ақ Мұхтар Әуезов театры алаңында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтіп, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылады.

Авторы: Ұлан Нарынбек

Хабар 24 телеарнасы