378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 64 жеңіл және 1 жүк көлігі қар құрсауынан құтқарылды

  • 140
  • UPD: 11:21, 17.03.2019
БҚО-да 64 жеңіл және 1 жүк көлігі қар құрсауынан құтқарылды SN.kz

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы аумағында Тасқала-Аққурай автокөлік жолының 3-9 шақырымында 64 жеңіл және 1 жүк көлігі қар құрсауынан құтқарылды.

Бұл іске облыстық ТЖД, жергілікті полиция және әкімдік қызметкерлері атсалысты. Құтқарылған көліктерде 8 бала мен 138 ересек адам болған. Олар медициналық көмекке жүгінген жоқ.

Айта кету керек, биыл бұл аймақта қыс қатты болып, соңғы 30 жылда болмаған қалың қар түсті. Қазір өңірде тасқын су қаупінің алдын алу бағытындағы шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы