388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда жаңа демалыс орындары салынады

  • 748
  • UPD: 13:21, 17.03.2019

Өткен жылы Ақмола облысына 1 млн 200 мың турист келген.

Бұл дерек Көкшетауда өткен туризмді дамыту жөніндегі баспасөз брифингінде айтылды. Ендігі мақсат – саяхатшылардың саны артуына мүмкіндік жасау. Мысалы, 2030 жылға осы өңірде үш миллион демалушы аялдаса деген жоспар бар.

Ол үшін Қазақстанның көз қуанышына айналған Бурабайда жаңа демалыс кешендері салынып, инфрақұрылым жетілуі тиіс. Атап айтсақ, Бурабай ауылының жанындағы өндірістік аймақ сүріліп, сол маңайдан таунхаустар бой көтереді. Одан бөлек, әлемдік деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған ірі конгресс-орталығы тұрғызылады. Қазір курортты аймақтағы қонақүйлерде 5 мыңнан астам бөлме бар. «Ал алдағы 10 жылдың ішінде олардың қатарын 9 мыңға жеткіземіз», – дейді мамандар. Алайда қазіргі таңда 1 млн-нан астам саяхатшының тек 300 мыңдайы ғана Бурабайдағы қонақүйлерде аялдайды екен. Бұған қызмет бағасының аспандап тұрғаны тікелей әсер етіп отыр.

Марат Иғали, облыс әкімінің орынбасары:

- Біз қазір қонақүйлермен жұмыс жасап жатырмыз. Жаңағы айтып отырған 5 мың нөмірге 4 мың қосылса, біздің жоспар бойынша олардың бағалары түседі. Жаңа келіп жатқан инвесторлармен сөйлесеміз. Олар жағдайды түсініп отыр. Ашқаннан кейін бағаларын төмендеткісі келеді. Себебі, жаңадан ашылады. Солай жоспарлап отырмыз. Нарыққа байланысты ғой енді.

Авторы: Дамир Бекікұлы

Хабар 24 телеарнасы