378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ жастары қазақстандық қатарластары туралы пікір білдірді

  • 116
АҚШ жастары қазақстандық қатарластары туралы пікір білдірді

Қазақ жастарының білім алуға деген құлшынысы зор.

Түрлі студенттік бағдарламалар арқылы Қазақстанда оқып немесе ерікті болып жұмыс істеп қайтқан америкалық жастар біздің жастар жайлы осылай деп пікір білдірді. Олар елде қыз-жігіттерге барынша қолдау көрсетілетіндігіне таңданыс білдірген. Ал Жастар жылын ерекше тәжірибе деп санайды.

Андрес, студент:

– Мен Алматыда үш ай болдым. Осы уақыт ішінде талантты, білімді жастарды өте көп кездестірдім. Олардың ешқайсысы жеткен жетістігімен тоқтап қалғысы жоқ. Білімдерін жетілідіргісі келеді. Өздері әлемді танып, өзгелердің де Қазақстанды білгенін қалайды. 

Авен, студент:

– Мен де Алматыда болып, тәжірибе жинап қайтым. Бір-бімізден үйренгеніміз көп болды. Екі ел достық қарым-қатынасты ұстанады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы