378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ғарыш. Ғылым. Интеллект»: Қазақстандық дарынды оқушылар Қызылордада бас қосты

  • 164
«Ғарыш. Ғылым. Интеллект»: Қазақстандық дарынды оқушылар Қызылордада бас қосты

Еліміздің өңірлерінен 200-ден астам дарынды оқушы бүгін Сыр елінде бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырған дәстүрлі «Наурыз кездесулері» шарасына қатысып жатыр. Биылғы жиынға «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбы таңдалды. Ал оның Сыр өңірінде өтуі заңдылық. Өйткені əлемге əйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы осы өңірде орналасқан. Жас ізденушілер аэроғарыштық инженерияның өзекті тақырыптары бойынша 80-ге жуық ғылыми жоба ұсынды. Олардың ішінде аспан денелерінің және ғарыш аппараттарының 3D модельдері, орбиталық станциялардың жобалары, әмбебап борттық құрылғылар, көпфункционалды зымырандар, ғарыштық прототиптердің ассистенті және инновациялық технологияларды қолдану жобалары бар. Ал озық ойлы оғландардың жұмысына еліміздің ғарышкерлері, Халық қаһармандары – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов, NASA өкілдері, Еуропалық ғарышкерлерді дайындау орталығының ғылыми қызметкерлері, Ұлыбритания, АҚШ, Германия және Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындарының астронавтика саласы мамандары баға беріп, дəрістер оқиды деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы