378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР СІМ: Индонезиядағы су тасқынынан қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ

  • 145
ҚР СІМ: Индонезиядағы су тасқынынан қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ

Индонезиядағы су тасқынынан құрбан болған және зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«Индонезияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Джакартадағы елшілігіне ұсынған мәліметтерге сәйкес, қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді ресми өкіл. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Индонезия шығысындағы Папуа провинциясында су тасқынынан ажал құшқандар саны 63 адамға жетті.

«Құтқарушылар судан 63 адамның денесін алып шықты. Папуа провинциясында сенбі күні түнде болған тасқын салдарынан жоғалған жүздеген адам әлі де іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады жергілікті құтқару қызметінің өкілі. 

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы